Трамп Испанияны НАТО-дан шығарып тастауды ұсынды

466

Әзірге бұл мәселе ұсыныс күйінде тұр.  

Трамп Испанияны НАТО-дан шығарып тастауды ұсынды Фото: abcnews.go.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Испанияны қорғаныс саласына жеткілікті қаржы бөлмегені үшін сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Трамп Финляндия президенті Александр Стуббпен кездесті. Ақ үй басшысы Испанияны НАТО-дан шығару керек деген ойын ортаға салды. 

АҚШ президентінің сөзінше, Мадридтің әскери шығындарды арттырмауына ешқандай негіз жоқ. Ол НАТО альянсының елдері АҚШ-тан заманауи қару-жарақ, соның ішінде әскери ұшақтар сатып алып жатқанын баса айтты.

"Ашығын айтқанда, бәлкім оларды НАТО-дан шығарып жіберу керек шығар", – деді Дональд Трамп.

Бұған дейін Трамп НАТО елдері өздерінің әскери шығындарын ЖІӨ-нің 5 пайызына дейін жеткізуі тиіс екенін айтқан болатын. Оған Украинаға көмек мәселесінде қаржылық жүктеменің әділетсіз бөлінуі ұнамаған. Оның айтуынша, АҚШ бұл соғысқа НАТО елдеріне қарағанда көп шығындалып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу