Трамп Қытайдан шыққан канадалық миллиардерге кешірім берді

Ол – Binance криптовалюта биржасының негізін қалаушы Чанпэн Чжао.  

Трамп Қытайдан шыққан канадалық миллиардерге кешірім берді Фото: Известия

Ақ үйдің дерегінше, Байден әкімшілігі криптовалюта индустриясын тоқтату үшін оны жазалаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Чанпэн Чжао тура 2 жыл бұрын биржаның бас директоры қызметін атқарып жүріп, ақшаны жылыстатуға көмектескенін мойындаған болатын. 2024 жылдың сәуірінде оған үкім шығарылғаннан соң ол 4 ай түрмеде жатты, сосын 50 миллион доллар айыппұл төледі. Компаниясына да 3,4 миллиард доллар айыппұл салынып, Чжаоға АҚШ-та жұмыс істеуге тыйым салынған-ды. Бірақ, миллиардер былтыр қыркүйекте бостандыққа шықты. 

– Президент Трамп өзінің конституциялық өкілеттігін пайдаланып, Байден әкімшілігі криптовалютаға қарсы соғысының бір бөлігі ретінде нысанаға алған Чанпэн Чжаоны кешірді, – деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт.

Ақ үй ешкім алаяқтық жасамағанын, себебі оның атына шағым түспегенін, нақты жапа шегушілер болмағанын алға тартады. 

Forbes мәліметтеріне сенсек, Чанпэн Чжаоның байлығы – 86 миллиард доллар. 2017 жылы Binance негізін қалаған Чжао осы кезде де биржаның басым бөлігін иеленіп отыр. Трамптың кешірімі Binance-қа АҚШ нарығына оралып, "жаңа тынысы" ашылуына мүмкіндік сыйлайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу