Оның сөзінше, Иран өзінің ядролық мақсаттарынан бас тартуға дайын болмай отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дональд Трамп жазбасында "АҚШ Ормуз бұғазына кіруге немесе одан шығуға тырысатын барлық кемені ешбір ерекшеліксіз бұғаттай бастайды" деп мәлімдеді. Сонымен қатар, бұғаттаудың жақын арада басталатынын да жеткізді.
Трамп АҚШ Әскери-теңіз күштеріне халықаралық суларда Иранға баж салығын төлеген әрбір кемені анықтап, ұстап алуды бұйырғанын хабардар етті. Оның сөзінше, америкалық флот бұғазға ирандықтар орналастырған миналарды жоя бастайды.
– Кездесу жақсы өтті, көптеген мәселе бойынша келісімге қол жеткізілді, бірақ жалғыз маңызды мәселе – ядролық қару тақырыбы бойынша келісім болған жоқ, – деді АҚШ президенті.
"20 сағатқа жуық" келіссөздерден кейін "ең маңыздысы, Иран өзінің ядролық мақсаттарынан бас тартуға дайын емес!" деп нақтылай түсті ол.