Трамп өз қауіпсіздігіне алаңдайтынын жасырмады

245

Бұл туралы Ақ үй басшысы БАҚ-қа берген сұхбатында айтты. 

Трамп өз қауіпсіздігіне алаңдайтынын жасырмады Фото: AP Photo / Allison Robbert

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің жеке қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылығы бар екенін мойындады. Бірақ ол мұндай ойларды ойламауға тырысатынын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

"Мен бұл туралы алаңдаймын. Алайда оны ойымнан шығарып тастауым керек. Себебі бұл жұмысымды атқаруға кедергі болады", – деді АҚШ басшысы NBC News телеарнасына берген сұхбатында.

2024 жылы Дональд Трамптың өміріне екі рет қастандық жасалған. Біріншісі шілде айында Пенсильвания штатында өткен сайлауалды митинг кезінде болған. Снайпердің атқан оғы Ақ үй басшысының құлағын жанап өткен. 

Екінші оқиға қыркүйек айында Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясының маңында болды. 

Айта кету керек, бұған дейін Трамп АҚШ-та аса маңызды минералдардың қоры құрылатынын айтқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу