Трамп өзін "Венесуэланың уақытша президентімін" деп жариялады

Бұл туралы АҚШ көшбасшысы Truth Social желісіндегі жеке парақшасында жария етті.

Трамп өзін "Венесуэланың уақытша президентімін" деп жариялады Фото: ria.ru

Ондағы скриншот Wikipedia интерфейсіне қатты ұқсайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жазбада Дональд Трамптың 2026 жылдың қаңтарынан бастап Венесуэланың уақытша президенті қызметін атқарып келе жатқаны жазылған. 

Еске салайық, қазіргі кездегі Венесуэланың ресми уақытша президенті – Делси Родригес. Ол бұған дейін АҚШ Венесуэлаға қарсы арнайы операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуро мен оның жұбайын ұстап әкеткеннен соң билікке келді. 

Скриншотқа мән берсек, АҚШ президенті Трамп "жаңа қызметімен" қоса бұрынғысын да сақтап қалғандай әсер қалдырған. 

Жалпы, АҚШ Үкіметі немесе басқа мемлекеттердің ресми ұйымдары әлі Трамптың Венесуэла президенті ретінде жарияланғанын мойындамады. АҚШ президенті бұл "атақты" өзінің әлеуметтік желісіндегі жазба арқылы ғана жариялап отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу