Трамп пен Нетаньяху Иранға қатысты ұстанымдарын пысықтады

344

Трамп әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба қалдырды.

Трамп пен Нетаньяху Иранға қатысты ұстанымдарын пысықтады Фото: Jabin Botsford/The Washington Post via Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Бұл кездесу Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюі мен Иранның ядролық бағдарламасын шектеу жөніндегі келіссөздердің жандану аясында өткен.
Трамп Израиль үкіметінің көзқарасына қарамастан, Иранмен келіссөздерді жалғастыратынын жеткізді.

"Өте жақсы кездесу болды. Елдеріміз арасындағы тамаша қарым-қатынас жалғасып жатыр. Қорытынды келісімдер жасалмады. Бірақ та, мен ықтимал мәмілеге қол жеткізу мүмкіндігін анықтау үшін Иранмен келіссөздерді жалғастырған жөн деп есептеймін", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Сондай-ақ АҚШ президенті Израиль премьер-министрімен Газа секторындағы жағдайды да талқылаған.

"Таяу Шығыста шын мәнінде бейбітшілік орнады", – деді ол.

Иран санкциялар жеңілдетілген жағдайда ғана өз ядролық бағдарламасын шектеуге дайын екенін білдірді. Десек те, ол басқа талаптарды қабылдамайтынын мәлімдеп отыр.

Анадолы агенттігінің жазуынша, Трамп Нетаньяхуға Иранмен келісімге қол жеткізуді құп көретінін айтқан.

"Егер Иранмен келісім жасалмаса, біз жағдайдың қалай өрбитінін күтеміз. Өткен жолы Иран келісім жасамауды дұрыс деп санап, ақыры бұл теріс салдарға әкелді. Олар осы жолы бәрін ақылға салып, жауапкершілікпен қарайды деп ойлаймын", – деді Дональд Трамп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу