Трамп пен Такаичидің өте өзекті тақырыптар туралы сөйлескені белгілі болды

Олар әлемдік қауіпсіздік және энергия нарығының тұрақтылығына тоқталған.

Трамп пен Такаичидің өте өзекті тақырыптар туралы сөйлескені белгілі болды Фото: EPA

Мұнан өзге Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы жағдай мен Таяу Шығыстағы шиеленісте мұнай жеткізу мәселелерін де қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичидің жолығуы әлемдік саясаткерлердің назарын қатты аударды. 

Такаичи Трампты "әлемге бейбітшілік пен өркендеу әкелетін жалғыз адам" деп мақтаған. Сонымен қатар, АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыста оған көмектесуге дайын екенін жеткізді. 

Келіссөздердің ашық бөлігінде Такаичи Иранның ядролық қаруды дамыту перспективасы қолайсыз екенін айтты. Ол соғыс жағдайында мұнай жеткізуге қатысты алаңдаушылықтың артуын ескеріп, "әлемдік энергетикалық нарықты тұрақтандыру" шаралары туралы ұсыныс жасаған. 

Ал Америка президентінің сөзінше, Жапония соңғы күндері Иранға қарсы қақтығысқа байланысты белсендірек бола бастаған. Ол Вашингтонның одақтастарына, соның арасында Токиоға, әлемдік мұнай саудасы үшін маңызды су жолы – Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жеткіліксіз рөлі үшін наразылық білдірді. Жапонияның АҚШ-тан көп мөлшерде әскери техника сатып алғанын да растады және құптады. 

Санаэ Такаичи АҚШ президентімен байланысын 2025 жылдың қазан айында Жапония премьер-министрі қызметіне келген алғашқы әйел болғаннан соң көп ұзамай-ақ жолға қойды. Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғалы бері Токио Вашингтонмен берік одақтастықты сақтап, Тегеранмен достық қарым-қатынасты ұстап тұру үшін тепе-теңдік орнатуға мәжбүр болды. 

Айта кетейік, Жапония үкіметі АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттерін ресми түрде қолдаудан немесе заңды түрде бағалаудан бас тартып отыр. Кейбір елдер мен ұйымдар оны халықаралық құқықты бұзатын алдын ала соққылар деп есептейді. Бірақ, Жапония Иранның Таяу Шығыстағы басқа елдерге жасаған шабуылдарын айыптаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу