Егер осы мерзімде Украинада бейбітшілік орнамаса, АҚШ Ресейге және оның сауда серіктестеріне сұмдық соққы жасайтынын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл шамамен 100% импорттық баж салығы болады.
– Біз оларға (Ресей тарапына) риза емеспіз және егер мәміле 50 күн ішінде жасалмаса, өте қатаң баж салығын енгіземіз. Шамамен – 100%. Оларды қайталама баж деп атауға болады. Мен екі ай бұрын мәміле жасаймыз деп ойладым, – деді Трамп НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуінде.
Дональд Трамп соғысқа әсер ету үшін экономикалық тетіктерді пайдалануын жалғастырады.
– Мен сауданы көптеген мақсат үшін қолданамын. Ол – соғысты тоқтату үшін өте тиімді құрал, – деді ол.
АҚШ президенті Владимир Путиннің келіссөздерден нәтиже шығармағанына наразы. Ол бірнеше ай бұрын Кремльмен келісімге келеді деп үміттенгенін де жасырмады. Оның сөзінше, соғыс 50 күнде тоқтап, бейбітшілік орнауы тиіс.