Трамп Путинге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

220

АҚШ Украина мен Ресей соғысы тез аяқталатынына сенімді болған. 

Трамп Путинге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады Фото: Риа Новости

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина бойынша бейбіт келісіссөздердің тоқтап қалуына байланысты ресейлік әріптесі Владимир Путиннен көңілі қалғанын жеткізді. Бұл туралы Ақ үй басшысы Ұлыбританияда өткен баспасөз брифингінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Трамп бастапқыда қақтығыс оңай шешіледі деп ойлағанын жеткізді.

"Адамдар қаза тауып жатыр. Мен бұл соғысты тоқтатуға тиіспін деп санаймын. Біз жеті соғысты реттей алдық. Бұрын олар шешілмейтіндей көрінген. Бірақ мен Путинмен қарым-қатынас ең оңай болады деп есептеген едім. Ол менің көңілімді қалдырды", – деді АҚШ президенті.

Ақ үй басшысы нақты қандай соғыстар екенін ашып айтпады. Оның айтуынша, Вашингтонның Украина мен Ресей соғысын шешуге бағытталған бастамалары аяқсыз қалған. Десек те, Дональд Трамп Путинмен Аляскада өткен кездесуін қателік деп санамайтынын баса айтты. 

Вашингтонның алдағы уақытта Мәскеуге қатысты қандай шаралар қолданатыны туралы сұрақ та жауапсыз қалды. АҚШ президенті Батыс елдерін Ресей мұнайын сатып алуды тоқтатуға шақырды. Осылайша оның Путинді келіссөздер жасауға итермелегісі келетіні белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу