Трамп Путинмен кездесуді жоспарлап отыр

Екі ел басшысының нақты қашан кездесетіні белгісіз.  

Трамп Путинмен кездесуді жоспарлап отыр Фото: РБК

Бірақ ВВС сайты Трамптың Путинмен кездесуі мүмкін екенін жазған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, АҚШ президенті мамыр айының ортасындағы Сауд Арабиясы, Қатар және БАӘ сапарынан кейін кездесу мүмкіндігі бар екенін жоққа шығармайды. 

Бұл туралы CNN Трамптың тілшінің "Сауд Арабиясында Путинмен кездесе ме?" деген сұрағына берген жауабын мысалға келтірген. 

– Мүмкін, бірақ олай болмайтын шығар. Менің ойымша, біз онымен содан кейін көп ұзамай кездесеміз, – деген ол. 

Осыған дейін Ақүйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт АҚШ президенті Дональд Трамптың алдағы мамыр айының 13-16-сы аралығында Сауд Арабиясына, Қатарға және Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) баратынын айтқан еді. Бұл – оның президент лауазымына тағайындалғалы шетелге екінші рет жасап отырған сапары.

Еске салайық, Трамп Ресеймен Украинадағы соғысты тоқтату жөнінде келісімге келгенін мәлімдеді. Десе де, бұл келісім әлі Киевтің мақұлдауын алған жоқ, себебі Украина президенті Владимир Зеленский ұсынылған шарттарды қабылдаудан бас тартты. Келісімге сәйкес, Ресейдің ойынша, Украина жерінің 20%-ын, соның ішінде Қырымды өз бақылауында қалдыруы және Украина НАТО-ға мүше болудан бас тартуы тиіс. 

Зеленский ұсынылған келісімді "Украина Конституциясына қайшы" деп бағалап, елдің аумақтық тұтастығын сақтаудан артық ештеңе жоқ деп есептейді. Еуропалық одақ елдері АҚШ-тың бұл ұсынысына алаңдаушылық білдіріп, Украинаға қолдау көрсету қажеттігін атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу