Трамп: Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді

252

Бұл туралы ол әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

Трамп: Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді Фото: reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украинаның энергетикалық бітімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-қа сілтеме жасап.

"Осы сәттен бастап Ресей мен Украина арасындағы соғыста энергетикалық бітім күшіне енді. Екі тарап та келісті. Оны бұзбаңыздар!", – деп жазды АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісінде. 

Дегенмен екі тарап та бұл келісімге келгенін ресми түрде хабарлаған жоқ.

Financial Times басылымы украиналық шенеунікке сілтеме жасай отырып, Киевтің Трамп жариялаған энергетикалық бітім туралы хабарсыз екенін айтты.

"Трамптың атысты тоқтату туралы мәлімдемесі мен үшін жаңалық болды. Егер президент Трамп бұл туралы Путинмен келіссе, оның қашан басталатынын бізге де хабарлауын өтінеміз. Біз дайынбыз және мұны қабылдаймыз", – деді Украина басшысы Владимир Зеленский Axios басылымына. 

14 қыркүйекте Трамп Ресей мен Украина бір-бірінің энергетикалық нысандарына шабуыл жасамауға келісті деп айтқан болатын. Бірақ тараптар бұл келісімді растамады, ал соққылар жалғасты.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы 60 күндік бітімге келіскен жағдайда, президент сайлауын өткізуге дайын екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу