Дональд Трамп Ресей мен Украинаны татуластыра алмайтынын мойындады

Мұны ол Ақ үйде өткен баспасөз мәслихаты барысында айтқан. 

Дональд Трамп Ресей мен Украинаны татуластыра алмайтынын мойындады Фото: BBC

Бірақ, АҚШ президенті түбі Путин мен Зеленскийді бір үстел басына отырғызатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол Ресей президентімен алдағы кездесуден конструктивті нәтижелер күтіп отыр. Әрі қос президенттің кездесуі Аляскадағы саммиттің алдында болатынын атап өткен. 

Трамп Путинді Украинадағы соғысты аяқтауға көндіруге ниетті екенін тағы бір байқатты.  

– Бәлкім, мен кездесуден соң шығып, сәттілік тілермін, солай аяқталуы да мүмкін. Бұл мәселені шешу қолымнан келмеуі де ықтимал, – деді ол. 

Трамп кездесуден кейін Зеленский мен еуропалықтарға ақпарат беретінін жасырмады. Бірақ, Аляскадағы саммитке Зеленскийді шақыру туралы сөз қозғамады. 

Америкалық көшбасшы сөз арасында Мәскеумен сауда қатынастарын қалыпқа келтіруге болатынын ескертіп, "Ресейде өте құнды жер ресурстары бар" деп мәлімдеген. 

Бұған дейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков жуырда жоғары деңгейдегі кездесу өтетінін анық хабарлаған-ды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу