Дональд Трамп пен Дмитрий Медведевтің арасында не болып жатқаны анықталды

1655

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің мәлімдемесіне жауап беріп, оның "өте қауіпті аймаққа аяқ басқанын" айтты.

Дональд Трамп пен Дмитрий Медведевтің арасында не болып жатқаны анықталды Фото: Jessica Koscielniak / Reuters

Бұл туралы Truth Social желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Медведев арандатушы мәлімдемелерімен өте қауіпті аймаққа қарай бет алды. Ол аузын бақсын. Мұндай сөздер салдары ауыр нақты әрекеттерге ұласуы мүмкін, – деді Трамп.

Сондай-ақ, Ресей мен Үндістанға қарсы баж салығын енгізу мәселесін көтеріп, Мәскеуге қарсы екінші деңгейлі санкциялар енгізуге дайын екенін білдірді.

– Маған Үндістанның Ресеймен не істейтіні маңызды емес. Екеуі бірігіп, өлі экономикасын құрта ма – өздері білсін. Бізде Үндістанмен сауда қатынасы аз, олардың баж салығы әлемдегі ең жоғары деңгейде. Ресеймен де сауда аз, – деп жазды ол.

Дональд Трамп бұл мәлімдемелері арқылы Ресейге қатаң ескерту жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу