АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы жаңа санкцияларды енгізуді кейінге қалдырғанын түсіндірді. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.
"Ресейге қатысты шешімім өте қарапайым. Мен қазір Ресей және Украина арасындағы соғысты тоқтату бойынша бейбіт келіссөздер жүргізіп жатырмын. Сондықтан Мәскеуді келіссөз үстелінен алыстатындай ешқандай қадам жасағым келмейді", – деп жазды Дональд Трамп.
Оның сөзінше, Мәскеумен арадағы келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеу бар.
"Осы сәтте құжатқа қол қою жағымсыз нәтижеге әкелер еді. Мен құжатқа өзім қажет деп тапқан кез келген сәтте қол қоя аламын", – деп атап өтті Ақ үй басшысы.
Грэм дайындаған заң жобасы ресейлік тауарларға – 500%, ал Ресей мұнайы және газын ең көп сатып алатын бес ел мен санкцияларды айналып өтуге көмектесетін мемлекеттер өнімдеріне 100% қосымша баж салығын енгізуді көздейді. Құжат Трампқа шектеулерді 18 қазанға дейін енгізуді міндеттеген еді. Алайда онда елдің ұлттық мүддесі үшін процесті тоқтата тұру құқығы да болған. Дональд Трамп 17 қазанда дәл осы мүмкіндікті пайдаланып, санкцияларды кейінге қалдырды.