Ол сенатордың ұялы телефоны деп көрсеткен бір нөмірді де жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Трамп Коттоннан жазғы уақытты жыл бойы сақтау туралы заң жобасын қолдауды сұрап отыр. Бұл бастама бойынша АҚШ-та сағатты жылына екі рет ауыстыру тоқтатылуы мүмкін.
Алайда сенатор Том Коттон бұл ұсынысқа қарсы. Ол қыста күннің кеш шығатынын айтып, мұндай өзгеріс балаларға қиындық туғызуы мүмкін деп санайды. Оның айтуынша, Арканзастың кейбір жерлерінде оқушылар қыста мектепке әлі қараңғы кезде баруы мүмкін.
Заң жобасын АҚШ Өкілдер палатасы шілде айында мақұлдаған. Бірақ Сенатта оған қарсылық болып, құжаттың әрі қарай қаралуы тоқтап тұр.
Трамп болса, кешке жарықтың ұзақ сақталуы ауыл шаруашылығына, спортқа және қоғамдық қауіпсіздікке пайдалы болады деп есептейді. Сондай-ақ президент жазғы уақытта гольф ойнауға көбірек мүмкіндік болатынын айтқан.
Ал Трамп жариялаған телефон нөмірдің шынымен Том Коттонға тиесілі екені әзірге белгісіз. Reuters журналистері нөмірге қоңырау шалғанда, сенатордың аты-жөні көрсетілмеген, толып қалған дауыстық поштаға түскен.