Дональд Трамп Си Цзиньпиннің сөзін тыңдап отырып "қалғып кетті"

334

Оқиғаның бейнежазбасы желіде тарады.

Дональд Трамп Си Цзиньпиннің сөзін тыңдап отырып "қалғып кетті" Фото: oxu.az

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті кезінде АҚШ президенті Дональд Трамптың қалғып кеткен сәті камераларға түсіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тиісті ақпарат бірнеше шетелдік БАҚ-та пайда болды. 

BBC жазуынша, бейсенбі күні таңертең АТЭС пленарлық отырысында Қытай төрағасы Си Цзиньпин сөз сөйледі. Осы кезде АҚШ президенті Дональд Трамптың көзін жұмып отырған сәті видеоға түсіп қалған. 

South China Morning Post сайтының ақпаратына сүйенсек, 80 жастағы көшбасшы қалғып кеткен уақытта Ресей президенті Владимир Путин жиын барысын жіті қадағалаған. Ал Канада премьер-министрі Марк Карни мен Гонконг басшысы Джон Ли қажетті деректерді түртіп алып отырған.

Haberler басылымының жазуынша, Трамптың қалғып отырған сияқты әсер қалдырған сәт саммиттің дипломатиялық күн тәртібінен тыс жерде де көпшіліктің назарын аударды. Десек те, мұны ұзақ сапардан кейінгі уақыт белдеуінің ауысуымен байланыстырып жатқандар да бар.

Айта кету керек, бүгін Дональд Трамп, Си Цзиньпин және Владимир Путин үшжақты келіссөздер өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу