Трамп: Солтүстік Ирландия мен Ирландия түптің түбінде бірігеді

343

АҚШ Президенті Дональд Трамп Солтүстік Ирландия мен Ирландия Республикасының болашақта бірігетінін айтты.

Трамп: Солтүстік Ирландия мен Ирландия түптің түбінде бірігеді Фото: nypost.com

Ол бұл пікірін Ирландия Премьер-министрі Майкл Мартинмен Дублинде кездесуі алдында журналистерге айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мен мәселе туындатқым келмейді, бірақ олардың бірігуін көргім келеді. Менің екі тарапта да достарым бар", – деді Трамп.

Оның айтуынша, екі елдің бірігуі "керемет болар еді".

"Түптің түбінде олар бірігеді. Меніңше, бұл ақыр соңында болады. Егер солай болса, керемет болар еді", – деді АҚШ президенті.

Кездесу барысында Трамп Ирандағы жағдай, Газа, Фолкленд аралдарына қатысты дау және АҚШ пен Канада арасындағы сауда келісімі туралы да пікір білдірді.

Трамп Иранмен соғыс жақында аяқталуы мүмкін екенін айтып, Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейтінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу