Трамп тағы бір тәуекелге барды

301

Экологтар дабыл қағып жатыр. 

Трамп тағы бір тәуекелге барды Фото: Shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп 2009 жылы қабылданған, парниктік газдардың адам денсаулығына зиянды екенін белгілейтін құжаттың күшін жойды. Бұл қадам автокөлік өнеркәсібіне қойылған шектеулерді алып тастауға жол ашады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Трамп бұрынғы президент Барак Обама тұсында қабылданған климатты қорғау заңдарын сынға алды. Ақ үй басшысының сөзінше, тиісті шаралар америкалық автокөлік өнеркәсібіне кері әсерін тигізіп, бағалардың айтарлықтай өсуіне әкелген. Күші жойылған құжат бойынша АҚШ-та көмір және газ электр станцияларына қатаң экологиялық стандарттар қойылып, көліктердің пайдаланылған газ шығарындыларын шектейтін ережелер қолданылған. 

Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің басшысы Ли Зелдин осы стандарттар алынып тасталса, америкалық салық төлеушілерге 1,3 трлн доллар үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтқан. Бірақ ол есеп қалай жүргізілгеніне түсінік бермеді.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Дональд Трамптың шешіміне көңілі толмайтынын жасырмады. Оның сөзінше, америкалықтар тиісті нормалар болмаса, климаттың өзгеруімен күресте дәрменсіз болады. Обама мұның барлығы пайдалы қазба өнеркәсібінің табысқа кенелуі үшін жасалып отырғанын жеткізді.

Greenpeace экологиялық ұйымы да Ақ үй басшысын қатаң сынға алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу