Осылайша, Америка Иранның азаматтық инфрақұрылымына ықтимал соққы жасауды 2 аптаға кейінге қалдырып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен және фельдмаршал Асим Мунирмен жүргізілген келіссөздердің, сондай-ақ олардың Иранға қарсы бүгін кешке жойқын күш қолдануды кейінге қалдыру жөніндегі өтініштерінің негізінде, Ислам Республикасы Ормуз бұғазын толық, дереу және қауіпсіз түрде ашуға дайын болған жағдайда, мен Иранды бомбалау мен оған шабуыл жасауды 2 апта мерзіміне тоқтатуға келісемін, – деп жазды Трамп.
Сейсенбіде Пәкістан Премьер-министрі АҚШ президентінен Иранмен келісімге келу үшін белгіленген соңғы мерзімді тағы екі аптаға ұзартуды сұрады. Оның сөзінше, жағдайды дипломатиялық жолмен реттеу бағытындағы жұмыстар ілгерілеп келеді және жақында елеулі нәтижеге алып келуі мүмкін.
Шахбаз Шариф Иран билігіне осы мерзімде Ормуз бұғазын ашуды ұсынған.
Axios басылымына берген сұхбатында АҚШ президенті Иранмен 7 сәуірге дейін мәмілеге келу мүмкіндігі жоғары екенін болжап көрді. Осыған дейін ол егер Иран 6 сәуірге дейін Ормуз бұғазы арқылы ауқымды кеме қатынасын қайта жандандыруға жағдай жасамаса, энергетикалық және азаматтық инфрақұрылымға соққы жасалатынын ескерткен болатын.