Трамп: "Түптің түбінде Канада АҚШ-тың 51-штаты болады"

Бұл туралы Ақ үй басшысының YouTube-те жарияланған мәлімдемесінде айтылған.

Трамп: "Түптің түбінде Канада АҚШ-тың 51-штаты болады" Фото: AP Photo / Mark Schiefelbein

Аризона штатындағы Буллхед-Сити қаласында жақтастарының алдында сөз сөйлеген Дональд Трамп Канаданың тарифтік саясатын сын садағына алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ президенті Канаданы АҚШ-тың 51-штаты ету туралы ұсынысын тағы да күн тәртібіне шығарды. 

– Канада бізге бұрыннан бері әділетсіздік жасап келеді, бірақ енді бәрі өзгереді. Олар тарифтер арқылы бізді қанап, тауарларымызға баж салығын салды. Десе де, бұл туралы жақ ашпайды. Олардың мұндай әрекетіне бұдан былай төзбейміз, – деді Дональд Трамп.

Трамптың сөзінше, АҚШ Канадаға қолдау көрсету үшін шамадан тыс қаржы жұмсап отырғанға ұқсайды. 

– Түптің түбінде Канада АҚШ-тың 51-штаты болады. Өйткені, бұл – мәселені шешудің жалғыз жолы. Бізге Канада керек емес, ал Канадаға АҚШ қажет. Ендеше, өз құрамымызға кірмейтін елді қолдауға жыл сайын 80-90 миллиард доллар жұмсаудың не қажеті бар? – деді Дональд Трамп. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу