Көпшілікке белгілі, Түркия осы күні АҚШ-тың F-35 бағдарламасына қосылуға тырысып-ақ жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Анкарада өткен НАТО саммитінің бірінші күнінде АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияға американдық F-35 жойғыш ұшақтарын сатып алуға рұқсат беруді қарастыратынын растады.
– Сізге "біз санкцияларды алып тастайын деп жатырмыз" деп айта аламын, – деді ол Түркия президентіне қарата.
Трамп АҚШ Түркиямен тығыз қарым-қатынаста екенін, өйткені Иран мәселесінде басқа НАТО елдеріне қарағанда көбірек көмектескенін алға тартты.
Ол НАТО-ның басқа одақтастарын АҚШ әскери операцияларына қатысудан бас тартқаны үшін сынады.
– Менің НАТО-дан қатты көңілім қалды. Шынымды айтсам, егер конференция менің досым әрі өте мықты көшбасшы болып табылатын Түркияда өтпегенде, келмес едім, – деді Дональд Трамп ойын ашық жеткізіп.
Иран мәселесінде АҚШ-қа көмектесуден бас тартқан елдердің аты да аталды.
– Италия, Германия және Франция бізден бас тартты. Бірақ неге біз жүздеген миллиард доллар жұмсаймыз, ал олар бізді қолдамайды? АҚШ оларды әрқашан қолдады, – деді Трамп.