Трамп Украина мен Ресей қақтығысы туралы күтпеген мәлімдеме жасады

363

Ақ үй басшысы үшінші мерзімге сайлауға түспейді.  

Трамп Украина мен Ресей қақтығысы туралы күтпеген мәлімдеме жасады Фото: РИА Новости

АҚШ президенті Дональд Трамп NBC News телеарнасына берген сұхбатында Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келісім мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews-ке сілтеме жасап.

Трамп "Украинадағы бейбітшілік қашан орнауы мүмкін?" деген сұраққа пікір білдірді. Оның сөзінше, Киев пен Мәскеу арасындағы бейбіт келісімге келу мүмкін болмай қалуы ықтимал. Десек те, Ақ үй басшысы келісімге қол жеткізудің мерзімі жақын екенін де жасырмады.

Ол келіссөздердің өрбімеуіне "екі адам арасындағы үлкен өшпенділік" қиындық туғызып жатқанын баса айтты. NBC News арнасының хабарлауынша, Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путинді меңзеп отыр.

АҚШ президенті Вашингтонның келіссөздерден шығуы мүмкін деген нұсқаны да алға тартты. Дональд Трамп тиісті құжатқа қол қоюға "өте жақсы мүмкіндік" бар екенін баса айтты.

Ақ үй басшысы 2028 жылғы президенттік сайлауда үшінші мерзімге үміткер болуды жоспарлап отырған жоқ. Айтуынша, республикалық партия атынан вице-президент Джей Ди Вэнс кандидат ретінде ұсынылуы мүмкін.

"Мен 4 жыл арнауды жоспарлап отырмын. Кейін бұл қызметті басқа біреуге – орайы келсе республикалық партия өкіліне тапсырамын... 4 жыл – айтарлықтай бір дүние істеуге жеткілікті уақыт. Менің орныма келетін мұрагер туралы айтуға әлі ерте, бірақ менде вице-президент бар. Джей Ди керемет жұмыс атқарып жатыр", - деді Трамп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу