АҚШ Президенті Дональд Трамп Украинаға барлық әскери көмекті тоқтата тұруға бұйрық берді.
Бұл туралы америкалық БАҚ жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл шешім Трамптың Украина Президенті Владимир Зеленскиймен болған дау-дамайынан бірнеше күн өткен соң қабылданды.
Ақ үй басшысы аталған шешімге әлі ресми түсініктеме берген жоқ.
Bloomberg пен Fox News жазуынша, тиісті шаралар Вашингтон Киевтің бейбітшілікке деген ұмтылысына көз жеткізбейінше жалғаспақ.
"Бұл көмектің берілуі толық тоқтатылды деген сөз емес, бұл – уақытша шара", – деп хабарлайды Fox News әкімшілік өкіліне сілтеме жасап.
БАҚ-тың хабарлауынша, шешім Украинаға жеткізілмеген барлық америкалық әскери жабдыққа, соның ішінде Польша арқылы транзитті күтіп тұрған қару-жараққа қатысты.