"Американың арағайындығымен өткен ұзақ келіссөз түнінен кейін Үндістан мен Пәкістанның атысты толық және дереу тоқтату жөнінде келіскенін қуана хабарлаймын", – деп жазды Трамп TruthSocial әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Алайда келісімнің нақты шарттары әлі жарияланған жоқ. Екі ел де бұл мәлімдемеге қатысты әзірге пікір білдірмеді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұған дейін Пәкістан мен Үндістан билігімен телефон арқылы сөйлесіп, келіссөз жасауға жәрдемдесуге дайын екенін жеткізген еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу