Кездесуде Дональд Трамп Владимир Путиннің Аляскада Украинаға қауіпсіздік кепілін қарастыруға келіскенін айтып, мұны бейбітшілікке қадам жасау деп атады.
Оның үстіне АҚШ пен Еуропа елдері Украинаға көмектесуге және қауіпсіздігіне кепіл болуға ниетті.
Дональд Трамп үш жақты (Украина, АҚШ, Ресей) келіссөз ұйымдастыруға тырысатынын және қазіргі майдан шебін ескере отырып, аумақтық айырбас жасау мүмкіндіктерін талқылау қажет екенін жеткізді.
Сондай-ақ, Украинаның қазіргі картасына қарау өте аянышты екенін айтты.
Өз кезегінде Владимир Зеленский Дональд Трампқа сенім білдірді.
Германия Канцлері Фридрих Мерц алдағы кездесу атысты тоқтатпай болмайтынын айтып, Ресейге қысымды күшейтуге шақырды.
Ал Франция Президенті Эмманюэль Макрон да үш жақты кездесу атысты тоқтатпай жүзеге аспайтынын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, төрт жақты (АҚШ, Украина, Еуропа елдері, Ресей) кездесу арқылы қақтығысты тоқтату жайын талқылау артық болмайтынын алға тартты.