Трансфердегі қызықтар. ҚПЛ клубтары кімдерді сатып алды?

2681

Премьер-лига клубтары қатарларын жаңа ойыншылармен толықтырып жатыр. Олардың сапасы қандай болмақ?

Трансфердегі қызықтар. ҚПЛ клубтары кімдерді сатып алды?

Ел чемпионы "Астана" Кюросао құрамасының шабуылшысы Рангело Янгамен келісімді ұзартпады. Дәл қазір елордалық команда қатарында шабуылшыдан тек Алексей Щеткин ғана. Дпегенімен, жартылай қорғанысқа олар белоруссиялық ойыншы Макс Эбонгты сатып алды. 20 жасар футболшының соңғы ойнаған командасы "Шахтер" Солигорск екен. Эбонг отанында жаңадан шыққан талантты аяқдопшы ретінде қарастырылыпы, жас та болса ұлттық құрамаға шақырту алып жүр.

Өткен аптаның ең басты жаңалығы Бауыржан Исламханның ресейлік "Зенит" командасына барып қосылуы болды. Бауыржан қазір командасымен бірге Қатар астанасы Дохада. Дәл қазір "Зенит" өз біріншілігінде бірінші орында келе жатыр. Ал команда бапкерлері әзірге Исламханның аяқ алысын байқап көрмек. Жақын арада футболшы мен клуб басшылығы бір мәмілеге келуі тиіс.

Армениялық ойыншылар Қазақстанға ағылып келіп жатыр. Енді 2020 жылдан бастап олар Қазақстан аумағында легионер болып саналмайды. Өткен аптада қостанайдың "Тобылы" Петрос Аветисянмен толықты. 24 жасар жартылай қорғаушы өткен жылы Армения ұлттық құрамасы сапында дебют жасаған.

Талдықорғанның "Жетісуы" белоруссиялық қорғаушы Андрей Залеейскиді қатарға қосты. Ол "Динамо" Минск командасында жүргенд ұлттық құрамада ойнаған.

Қызылорданың "Қайсары" трансферлік оқиғаларға өте белсенді қарап жатыр. Команда биыл премьер-лига мен еуропа лигасында біраз жетістіктерге жетсек пе деп отыр. "Дала қасқырларының" қатарына болгариялық шабуылшы Петр Колев келіп қосылды. Болгариялық бапкер Стойчо Младенов қорғанысты күшейтуді де ұмыт қалдырмады. "Атырау" сапында көзге түскен Ризван Аблитаров енді "Қайсар" намысын қорғайтын болады. Сонымен қатар, қызылордалық команда Кабо-Верде құрамасының жартылай қорғаушысы Алвин Фортеспен де келісім-шарт жазды. Бұл ойыншы голандияның "Фейнорд" академиясының түлегі екен.

Көкшетаудың "Оқжетпес" командасы қорғаушы Александр Гавриловичті ұжымға алды. Белоруссиялық қорғаушы өте қауіпті сәттерде сабыр сақтап, тіке қақтығыстардың көбісінде жеңімпаз болып шығатын қасиетімен ерекшеленеді. Ол Брест қаласының "Динамо" клубынан ауысты.

Павлодарлық "Ертіс" орталық қорғаушы Марко Томичпен келісімге келді. Сербиялық қорғаушы еурокубок ойындарына қатысқан тәжірибиесі бар. "Ертіске" ауыспас бұрын ол литваның "Жальгирис" командасында ойнаған.

"Шахтёр" Вячеслав Грозный келісімен Сергей Скорых, Антон Чичулин, Бауыржан Байтана, Станислав Лунин секілді ойыншылар командамен қош айтысты. Ал командаға жаңадан алынған ойыншылардың есімдері әлі белгісіз.

"Тараз" шабуыл шебіндегі көшбасшысы Элгуджа Лобжанидзені жіберіп алды. Грузиялық шабуылшы "Қайсар" командасына ауысты. Ал командаға жаңадан бас бапкер болып Владимир Никитенко тағайындалды. Ол осыдан екі жыл бұрын қостанайдың "Тобылын" баптаған. Содан бері жұмыссыз болды.

Премьер-лигаға келген "Қызылжар" мен "Каспий" бірнеше ойыншыны қарап жатыр. Ақтаудың командасы бұл тұрғыда сәл ептілеу көрінеді. Бас бапкерді де тағайындап алды. Команда тізгінін енді сербиялық маман Срджан Благоевич ұстайды. Благоевичтің бапкерлік қызметі соншалық бай емес, ол тек Сербия командаларын ғана баптаған екен.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу