"Тұңғыш қазақстандық": Кикбоксшы Нұрасыл Тілектесов 2 дүркін әлем чемпионы атанды

Жер-жаһанның үздіктері қатысқан дүбірлі дода Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында өтті.

"Тұңғыш қазақстандық": Кикбоксшы Нұрасыл Тілектесов 2 дүркін әлем чемпионы атанды Фото: egemen.kz

Ересектер арасында жарысқа 85 ел өз спортшыларын үкілеп қосқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Кикбоксингтен Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрасыл Тілектесов 51 келі салмақ дәрежесінде 4 кездесу өткізіп, барлығында қарсыласын айқын басымдықпен жеңе алды. Осылайша, ол екі жылда бір рет ұйымдастырылатын кикбоксинг спортынан тұңғыш рет 2 дүркін әлем чемпионы атағын иеленді. 

– Жарысқа 85 елден мыңға жуық спортшы қатысты. Мен Түркіменстан, Украина, Венгрия және Әзірбайжаннан келген қарсыластармен сынға түстім. Қай-қайсысы да өте мықты болды. Дегенмен, бәрін айқын басымдықпен жеңдім, – дейді Нұрасыл Тілектесов қуанышы қойнына сыймай.

21 жастағы чемпион – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті. Ол осыған дейін Азия және әлем кубоктарының, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы және халықаралық турнирлердің жүлдегері атанып үлгерген. 

Бұл жолғы дүниежүзілік жарысқа онымен бірге Қызылорда облысынан тағы бір кикбоксшы Диас Қарманов қатысты. Ол да жүлдегерлер сапынан көрініп, 2-орынға тұрақтады. 
Еске салайық, Нұрасылдың алғашқы жаттықтырушысы – Нұрбек Жармаханов, қазіргі жеке бапкері – Қайрат Байқуатов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу