Таеквондодан Тунис құрамасына алтын алып берген қазақ бапкері Есбол Сұлтанов әлемнің ең үздік жаттықтырушысы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Гонконгта Дүниежүзілік таеквондо федерациясы (Workd Taekwondo) таеквондодан 2024 жылдың үздіктерін марапаттау рәсімін өткізді. Жылдың "Ең үздік бапкері" болып Тунис ұлттық құрамасының бас бапкері, қазақстандық маман Есбол Сұлтанов атанды.
Айта кетейік, Есбол Сұлтанов баптайтын Тунис құрамасының таеквондошысы Мохамед Халиль Жендуби Париж олимпиадасында чемпион атанса, 58 келі салмақта сынға түскен спортшысы қола жүлдені қанағат тұтқан еді. Сондай-ақ Есбол Сұлтанов жаттықтыратын Тунис елінің 4 таеквондошысы Париж олимпидасында жолдама алған.