Тур де Франс. 11-кезең. Пуатьедегі спринтерлік жарыс, Луценко мен Исагирре құлап тұрды

1265

"Тур де Франстың" 11-кезеңі пелотонды Атлант жағалауынан Пуатьеге көшірді. Шабандоздар 167 шақырымды жүріп өтті. Бұл жарыс күні болжам бойынша спринтерлердің шайқасымен өрілуі тиіс еді. Нәтижесінде аустралиялық спринтер Калеб Юэн жеңімпаз атанды.

Тур де Франс. 11-кезең. Пуатьедегі спринтерлік жарыс, Луценко мен Исагирре құлап тұрды

"Астана Про Тим" капитаны Мигель Анхель Лопес негізгі топпен бірге мәреге келді. Оның қасында әріптестері Уго Уль, Горка Исагирре және Луис Леон Санчес болды.

Өкінішке қарай қазақстандық команданың екі бірдей шабандозы жарыс барысында құлап қалды. Жарыс басындағы алғашқы қақтығыстың ішінде Алексей Луценко болды. Ал Йон Исагирре жарыс аяқталуға 30 шақырым қалған кезде қиын жағдайға тап болды.

Йон Исагирре амалсыз жарыстан шығып қалды. Қатты құлағаннан кейін оны жедел жәрдем Пуатье қаласының орталық ауруханасына жеткізді. "Астана" командасы дәрегерлердің диагнозы анықталысымен ресми түрде ақпарат тарататын болады.

"Бүгін біздің күн болды деп айта алмаймын. Алексей Луценко мен Йон Исагирре құлап қалды. Дегенімен, Алексей ауыр жарақаттан аман. Ал Йонның жарақаты ауыр секілді. Біз дәрегерлерден жақсы хабар күтіп отырмыз. Ал кезең жайлы айтар болсам, біздің негізгі мақсат капитан Мигель Анхель Лопесті қорғау болатын. Біз ол мақсатты түгел орындап шықтық", - деді Дмитрий Фофонов.

Жалпы есепте еш өзгеріс орын алмады. Примож Роглич жарыстың көшбасшысы болып қала берсе, ал Мигел Анхель Лопес әзірге 9 (+1,15) орында келеді.

Ертең жарыстың 12-кезеңі болады. Жарыс Шавинья мен Саррана елді мекендерін байланыстыратын 218 шақырым жерде өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу