Тур де Франс. 13-кезең. Мигель Анхель Лопес жалпы есепте 6-орынға көтерілді

1317

"Тур де Франс" велододасында "Астана Про Тим" шабандоздары күннен күнге көрсеткіштерін жақсартуда.

Тур де Франс. 13-кезең. Мигель Анхель Лопес жалпы есепте 6-орынға көтерілді

Пюи Мари асуында аяқталған өте қиын 13-кезеңнен кейін Мигель Анхель Лопес "Тур де Франстың" жалпы есебі бойынша 6-орынға көтерілді. "Астана Про Тимнің" көшбасшысы бүгінгі жарыс күнін жақсы өткізіп, соңғы асуда қарсыластарының шабуылына ілесті. Ричи Порто мен Микель  Ландамен бірге Лопес екі словениялық шабандоз Примож Роглич пен Тадей Погачардың шабуылына жауап беруге және финишке дейін көшбасшылардың жанында қалуға тырысты.

Нәтижесінде, мәреге жеткенде Роглич пен Погачар Мигель Анхель Лопестен небәрі 16 секунд ғана алда озды. Сонымен қатар "Астана Про Тим" капитаны басқа қарсыластарынан уақыт ұтты. Бұл көрсеткіш Лопеске француздық суперкөпкүндіктің бас классификациясы бойынша 6-орынға көтерілуге себеп болды. Сондай-ақ жалпы есепте Лопес Рогличке 1 минут 31 секунд уақыт ұтылды.

"Кезең өте ауыр болды. Алдыңғы қатарда жүру оңайға соқпады. Алайда команда маған керемет қолдау көрсетті. Сол себепті соңғы асуға дейін біраз күшімді сақтап қалдым. Жарыстың ырғағы өте жоғары болды. Әсіресе финалда. Өзімді жақсы сезіндім, аяқтарым күні бойы жақсы жұмыс атқарды. Екі көшбасшымен бір топта қалу үшін біраз күшім жетпеді. Бірақ ең бастысы мен күресуді жалғастырамын. Мақсатым айқын және келесі таулы кезеңдерге дайындаламын", - деді Мигель Анхель Лопес.

13-кезең Шатель-Гуйоннан басталып, 191.5 шақырымнан кейін Пюи Мари шыңында аяқталды. Бұл Пюи Мариді қоса есептегенде жеті дәрежелі асулары бар өте қиын кезең болды. Жарыстың алғашқы бөлігінде шабандоздардың толассыз шабуылдарынан соң үлкен топ құрылып, олар алға озды. Нәтижесінде 11 шабандоз көш бастап, кезеңдегі жеңіс үшін өзара таласты. Леннарда Кемна мен Максимилиан Шахманнан басым түскен колумбиялық Даниэль Мартинес кезең жеңімпазы атанды.

"Тур де Франстың" 14-кезеңі бүгін өтеді. Клермон-Ферран – Лион бағыты бойынша жарыс 194 шақырымнан кейін аяқталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу