"Тур де Франс". 2-кезең. Луценко мәреге 7-болып келді

1382

Бүгін Ниццада "Тур де Франс" велододасының екінші кезеңі өтті. Пелотон "Париж-Ницца" көпкүндігінің соңғы кезеңінің классикалық жарыс бағыты бойынша, қаланы айнала Коль де Турини, Коль д’Эз и Коль де Катр Шемин сияқты асулармен, барлығы 186 км жолды жүріп өтті.

"Тур де Франс". 2-кезең. Луценко мәреге 7-болып келді

"Астана Про Тим" шабандоздары жарыс барысында туындауы мүмкін кедергілерден команда көшбасшысы Мигель Анхель Лопесті қорғап, 2-кезеңді жақсы өткізді. Жарыс жолының соңғы Коль де Катр Шемин асуында негізгі топта "Астананың" 6 шабандозы бар болатын.

Үш шабандоз шыңға көтерілуге бір​​аз жол қалғанда шабуылдап үлгерді және пелотоннан 20 секунд басымдылыққа ие болды. "Астана Про Тим" басқа командалармен бірге көшбасшыларды қуып жетуге тырысты. Дегенмен бірнеше секунд уақыт жетпей қалды. Нәтижесінде, үш көшбасшы кезеңдегі жүлделі орындарды өзара бөлісті. Жеңіс француз Жулиан Алафилиппке бұйырды. Көшбасшылардан кейін келген топ арасында болған Қазақстан чемпионы Алексей Луценко 7-нәтиже көрсетті.

"Бүгінгі басты міндетіміз Мигель Анхель Лопестің позициясын қорғау болды. Сонымен қатар, біз оның кешегі қақтығыстан соң толық қалпына келді ме, әлде жоқ па, соны білгіміз келді. Бабы жақсы сияқты көрінді. Жалпы жарыс күні жақсы өтті. Бүгінгі кезең бізге Алексей Луценкоға көмек көрсету үшін өте ыңғайлы болды. Ол жарыстың шешуші сәттерінде командаластарымен алға озып кетті. Бірақ Алафилиптің шабуылы жойқын болды. Уақыт айырмашылығын қысқартып, спринтте кезеңдегі жеңіс үшін таласуға тырыстық. Жігіттер тамаша жұмыс атқарды. Бірақ, бізге жеңіске жету үшін бірнеше секунд уақыт жетпей қалды. Дегенмен, кезең жақсы әсер қалдырды. Шабандоздар бабының жақсы екенін көрсетті. Енді алдағы жарыс күндеріне дайындаламыз", - деді "Астана Про Тимнің" спорттық менеджері Дмитрий Фофонов.

Сонымен қатар негізгі топпен бірге мәреге Мигель Анхель Лопес пен Луис Леон Санчес келді. Ал, Горка Исагирре кезеңді олардан бірнеше секундтан кейін аяқтады.

"Тур де Франстың" бас классификациясы бойынша Алафилипп жарыстың көшбасшысына айналды және сары жейдеге ие болды.

Көпкүндіктің 3-кезеңі ертең өтеді. Ниццадан басталатын жарыс жолы 198 шақырымнан кейін Систеронда аяқталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу