Тур де Франс. 20-кезең. Мигель Анхель Лопес үшін ауыр күн болды

1422

"Астана Про Тим" командасының көшбасшысы Мигель Анхель Лопес үшін "Тур де Франстың" 20-кезеңі оңайға соқпады.

Тур де Франс. 20-кезең. Мигель Анхель Лопес үшін ауыр күн болды

Лопес қиындығы бірінші дәрежелі Ла Планш де Бель Фий шыңында аяқталған жекелей жарыста (36.2 шақырым) бақ сынап, жалпы есептегі 3-орынды сақтап қалуға тырысты. Бірақ, бар күшін салғанымен ол қарсыластарына өте көп уақыт ұтылды. Нәтижесінде "Үлкен Күрмеудің" бас классификациясы бойынша 6-орынға түсіп қалды.

"Бұл мен үшін өте ауыр күн болды. Қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Бірақ мен үшін сәтсіз күн болды. Ылғи да біреу жеңілуі керек және сол жеңілген адам бүгін мен болдым. Қолымыздан келгені осы. Жарыстың үш аптасы бойы ең мықты шабандоздармен бірге жеңіс тұғырынан көріну үшін таласқа түстім. Бірақ, қолымнан келмеді. Мақсатыма жету үшін бір күн ғана жетпеді. Дегенмен, мен үшін алғашқы "Тур де Франстың" финалына дейін жеткеніме қуаныштымын. Ертең осындай тамаша жарысты Парижде аяқтайтынымыз қандай керемет!" - деді Мигель Анхель Лопес.

Словениялық велошабандоз  Тадей Погачар мықты өнер көрсетті. Ол Ла Планш де Бель Фий шыңында жекелей жарыста жеңіске жетті. Сонымен қатар Тадей  Примож Рогличтен 1 минут 56 секунд уақыт ұтып, жалпы есепте оны басып озды. Осылайша словениялық шабандоз Парижге дейінгі финиште көшбасшының сары жейдесін жеңіп алды.

"Тур де Франстың" финалдық 21-кезеңі бүгін өтеді. Шабандоздар Мант-ла-Жолиден Париждегі Елисей алаңдарына дейінгі 122 шақырымды бағындырады.

 Ермұхамед Мәулен

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу