Тур де Франс. 5-кезең. Луценко мәре сызығына 15-келді

2418

"Тур де Франс" велододасының 5-кезеңі спринтпен аяқталып, ұпай классификациясы бойынша көш басында келе жатқан словакиялық велошабандоз Петер Саган жеңімпаз атанды. 

Тур де Франс. 5-кезең. Луценко мәре сызығына 15-келді

"Астана" сапынан үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан чемпионы Алексей Луценко 15-орынға ие болды. Қазақстандық команданың капитаны Якоб Фульсанг мәреге еш қиындықсыз, жалпы топпен бірге келді.

 - Бүгінгі жарыс күнін жақсы өткіздім. Кеше құлағаннан кейін өзімді қазір 100 пайыз бабымдамын деп айта алмаймын. Бірақ қайта қалпыма келейін дедім. Кезең бойы өзімді жайлы сезінген жоқпын. Алайда келесі кезеңде бұдан да жақсы болады деп ойлаймын. Ертең ең бастысы бабымның қандай болатыны және соны анықтау үшін келесі кезеңді асыға күтемін. Құлағанға дейінгі алғашқы кезеңдегі дәрежедегідей өнер көрсету үшін жетпей тұрған 5 пайыздың  ертең қайта орнын толтыра аламын деп ойлаймын, - деді Якоб Фульсанг.

"Тур де Франстың" 5-кезеңі Сент-Дье-де-Вож қаласынан басталып, 175.5 шақырымнан кейін Кольмар қаласында аяқталды. Төрт шабандоз көбасшы топ құрып, алға озғандарымен, бірақ финишке жақындағанда негізгі топқа ұсталып қалды. Финишке дейін орналасқан бірнеше асуды жүріп өту барысында пелотондағы шабандоздар сейіліп, кезең тағдыры Кольмар көшелерінде спринтте шешілді.

Жалпы есептегі жағдай өзгере қойған жоқ. Бұрынғысынша, көшбасшының сары жейдесі Жулиан Алафилиппте қалды.

Француздық суперкөпкүндіктің алғашқы таулы кезеңі ертең өтеді. Мулюзден басталатын 6-кезең қиындығы 1-дәрежелі Ла-Планш-де-Бей-Фий шыңында аяқталады.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу