Тур де Франс. Алекс Аранбуру спринтте 6-нәтиже көрсетті

1241

"Тур де Франс" көпкүндігінің 13-кезеңі 220 шақырымнан кейін Каркассон көшелеріндегі жалпы топтың жаппай спринтімен аяқталды.

Тур де Франс. Алекс Аранбуру спринтте 6-нәтиже көрсетті

Astana - Premier Tech командасының шабандозы Алекс Аранбуру спринтті өте жақсы өткізіп, кезең жеңімпазы, британиялық Марк Кавендиштен кейін жарысты 6-болып аяқтады.

"Жарыс өте қиын болды. Біз 220 шақырымды жүріп өттік. Қатты жел соғып, жүйкеміз жұқарды. Финалда эшелондар құрылғаннан кейін топта шабуылдар басталды. Сондықтан мен мұқият болуым керек болды. Нәтижесінде маңызды ештеңе болған жоқ. Бірақ біз алда болдық. Омар мен Алексей маған спринтте позиция таңдауға көмектесті. Бірақ мен мүмкіндігімді жіберіп алдым. Сондықтан топ арасынан қайта шығуға тура келді. Дегенмен кезеңді алтыншы болып аяқтадым. Бұл көрсеткіш те жаман емес", - деді Алекс Аранбуру.

"Үлкен Күрмеудің" бүгінгі кезеңі желдің тұрақсыздығына, ыстық ауа-райына және көптеген шабуылдарға байланысты жүйке жұқартып, қиынға соқты. Алайда, көшбасшыларға және шабуылдарға қарамастан кезең спринтпен аяқталды.

Өкінішке орай, кезеңде шабандоздар қақтығысы болды. Оның бірінде Дмитрий Груздев жарақат алды. Қуанышымызға орай, қазақстандық шабандоз жарысты жалғастырып, мәреге дейін жетті. Алайда Груздев құлап түскенде, жарақаттанды. Ол жарысты жалғастыра ала ма әлде жоқ па, бұл туралы команданың медициналық қызметкерлері нақты шешім қабылдайды.

Тадей Погачар "Тур де Франстың" жалпы есебінде көшбасшысы болып қала бермек. Ал Алексей Луценко 7-орынды сақтап қалды.

Тур де Франс, 13-кезең. Ним – Каркассон, 219,9 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Марк Кавендиш (Deceuninck – Quick Step); 2. Михаэль Меркев (Deceuninck – Quick Step); 3.  Яспер Филипсен (Alpecin-Fenix).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 6. Алекс Аранбуру; 32. Алексей Луценко; 84. Омар Фраиле.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу