Тур де Франс. Astana – Premier Tech шабандозы Омар Фраиле 6-нәтиже көрсетті

1449

14-кезең қорытындысы бойынша Алексей Луценко жалпы есепте 8-орынға түсіп қалды. 

Тур де Франс. Astana – Premier Tech шабандозы Омар Фраиле 6-нәтиже көрсетті

Омар Фраиле "Үлкен Күрмеудің" 14-кезеңінің екінші жартысын шабуылдаумен өткізді. Ол тартысты сыннан кейін құрылған топта жеңіске жету үшін күресті. Нәтижесінде Фраиле екінші кезеңде қуғыншылар тобында болып, кезеңде жеңіске жеткен голландиялық шабандоз Бауке Моллемадан 1 минут 25 секунд өткен соң жарысты аяқтап, алтыншы нәтиже көрсетті.

"Көшбасшы топқа қосылу үшін шайқас болды. Біз алға озуға тырысып көп уақыт өткіздік. Көшбасшы топқа қосылу үшін бізге көп күш жұмсау керек болды. Өйткені біз сол топта болу керек екенінімізді білдік. Өйткені бұл кезең алға озу үшін өте қолайлы болды. Команда бүгінгі кезеңді белгіледі. Сондықтан жеңіс үшін күресуге бел будым. Біздің тобымыз өте мықты болды.     Егер көшбасшы топтың құрамына назар аударар болсақ, онда көшбасшыларына жұмыс істейтін және мүмкіндіктері болған кезде 100% барын салатын жігіттерді таба аласыз. Мен бұл жарысқа жеңіске жету үшін келдім. Бірақ қазір біз соңғы аптаға таяп қалдық және менің жеңіске жету үшін мүмкіндігім көп емес деп ойлаймын. Алайда, біз бәріміз Алексей Луценкоға ең жақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектесуге бел будық. Менің ойымша, оның бабы Альпідегіден де жақсы", - деді Омар Фраиле.

Кезең негізгі топтың толассыз шабуылдарымен басталды. Омар Фраиле мен Якоб Фульсанг үнемі алдыңғы қатарда болуға тырысып, көш басында болды. Нәтижесінде Испания чемпионы жеңіске жетті және шабандоздардың едәуір үлкен тобының құрамында ол пелотоннан төрт минуттай басымдылыққа ие болды.

Алайда, кезеңдегі шешуші шабуылды Бауке Моллема қолға алды. Ол жалғыз өзі жолсеріктерінен алысқа ұзап, кейін жеңіске жетті. Пелотон жеңімпаздан 6 минут 53 секундтан кейін мәреге жетті. Алексей Луценко көшбасшының сары жейде иегерінің тобында жарысты аяқтады және 14-ші кезеңнің қорытындысы бойынша бас классификацияда 8-орынға түсіп қалды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу