"Тур де Франс" әзірге сәтсіз өтіп жатыр

2180

"Астана Қазақстан" Про Тим велокомандасы атақты көпкүндікте жанкүйерлерін қуанта алар емес.

"Тур де Франс" әзірге сәтсіз өтіп жатыр

Бір күндік үзілістен кейін Францияда өтетін атақты велодода қайта жалғасты. Жарыстың 16 кезеңі Краксон мен Фуа елді-мекендерінің арасында өтті. Жарыс жолы 178 шақырымға созылды. Сайыс 4 санаттағы таулы аймақта басталып, велошабандоздар есебі бойынша 1 санаттағы қыратта аяқталды. Дәл осы жерде 2017 жылы "Тур де Франс" көпкүндігінің 13-кезеңі өткен еді. Сол жарыста "Астана" шабандозы Якуб Фульсанг жарақат алып, додадан шығып қалған еді. Ал бұл жолғы тартыста "Астана" велосипедшісі Симоне Веласко 27-болып мәре сызығын кесті. Одан кейін Алексей Луценко келді. Атақты бәсекеде бақ сынап жатқан тағы бір қазақстандық Андрей Зейц 60 болып келді.

Команда алғашқыда жарысты жақсы бастап пелотонның қарқынын күшейтті. Кейіннен шабуылдар ұйымдастырып, өте белсенді жүрді. Алдыңғы шепке озып кеткен топ пайда болып, шабандоздар бірнеше топқа бөлінді. Нәтижесінде Канадалық "Премьер Тех" компаниясы демеушілік ететін "Израиль" командасының капитаны Уго Уль кезең жеңімпазы атанды. Оның көрсеткіші – 4 сағат, 23 минутты құрады. Уго Уль кезінде қазақстандық команданың намысын қорғаған еді. Жеңімпаздан кейін 1 минут 10 секундтан кейін франциялық Валентин Мадуа келді. Ал үздік үштікті Майкл Вудс қорытындылады. Ол да "Israel Premier Tech" командасының намысын қорғайды.

Дегенімен жалпы есептегі нәтижелер аса қатты өзгере қоймады. Көшбасшылықты даниялық Йонас Вингегор ұстап қалды. "Jumbo Visma" командасының серкесі словениялық Тадей Погачардан 2 минут 23 секунд уақыт озып тұр. Классификациядағы үшінші орынды Ұлыбритания спортшысы Джерайнт Томас иеленуін одан әрі қарай жалғастырады. Ол сары жейденің иесінен 2 минут, 40 секунд аралықта келе жатыр. Осыған дейін Алексей Лцуенко жалпы есепте ТОП 10 қатарында болған еді. Соңғы таулы кезеңдер отандасымызды үздіктер қатарынан сырғытып жіберді.

Жалпы есеп бойынша "Астана" шабандоздары арасында Алексей Луценко қазір 12-орында. Ол көшбасшыдан 14 минутқа қалып келе жатыр. Одан кейін Симоне Веласко, ол әзірге 34-сатыда. Ертең жарыстың 17-кезеңі өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу