Сары жейде иегері Йонас Вингегаард (Jumbo Visma) пен Ричард Карапазды (Ineos Grenadiers) басып озып, жарыста өзінің үстемдігін көрсетті.
Словениялық шабандоз Энрик Мастың (Мовистар) екі шабуылын жіберіп алды. Ол соңғы асуда шабуыл жасады. Мастың екінші шабуылы кезең аяқталуға 1 шақырым қалғанда болды. Погачар жарыстың аяқталуына 400 м қалғанда оны басып озып, мүмкіндікті сәтті пайдаланды. Карапаз жарыстың көшбасшысын қуып жетуге тырысты. Бірақ, ол биылғы "Тур де Франстағы" ең мықты шабандоздың қарқынына ілесе алмады. Жарыс аяқталар тұста әлі де сергек болған Погачар өзінің жеңісіне көз жеткізу үшін мәре сызығында екі басты қарсыласына артқа қарап үлгерді.
"Бұл өте керемет. Кешеден кейін, бүгін ... білмеймін, мен өзімді жақсы сезіндім және жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Мұның барлығы мен үшін кезең басталған сәттен бастап ойын болды және бұл ойын маған ұнайды. Мен бақыттымын. Алда әлі үш күн бар. Соған қарамастан бәрі тамаша!", - деді Гранд-турдың көшбасшысы.
Осы жеңістің арқасында соңғы үш кезең алдында Погачар Вингегардтан 5минут 45 секунд алда келеді. Ал Карапаз көшбасшыдан алты секундқа қалып қойды. Кезеңде жеңіске жету арқылы Погачар "Тау патшасы" сайысында да жеңісті қамтамасыз етті. Демек, ол Парижде сары, ақ және ала жейде иегері ретінде жеңіс тойын тойлайтын болады.
18-кезең қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионы Алексей Луценко жалпы есепте 7-орынды сақтап қалды. По – Люз Ардиден жарыс бағыты бойынша өткен кезеңнің ұзақтығы 129,7 шақырымды құрады. Бүгін "Тур де Франс" велододасы 19-кезеңмен жалғасын тапты.
Ермұхамед Мәулен