banner

"Тұран" "Қайраттан" басым түсті

1496

3:0 есебімен ұтып келе жатқан "Қайрат" жеңісті уысынан шығарып алды.

"Тұран" "Қайраттан" басым түсті

"Тұран" Қазақстан Кубогінің төртінші турында "Қайрат" клубынан басым түсті. "Түркістан Аренада" өткен матч 4:3 есебімен аяқталды.

Ойынның 12-минутында қақпашы Андрей Пасеченконың қателігінен кейін Артур Шушеначев есеп ашты. Бір минут өткеннен кейін қақпашымен жеке-дара шыққан Гүлжігіт Алықұлов өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Ал 19-минутта Андрей Ульшин тікелей айып добынан гол соқты.

Ойынның екінші жартысында "Тұран" ояна бастады. Алдымен Мардан Төлебек алыстан бағыттаған тамаша соққысымен, одан кейін Дінмұхаммед Омаров баспен гол соқты. Өткен матчтағы жалғыз голды соққан Стэнли Нкоби бұл кездесуде дубль жасап, командасына жеңіс сыйлады.

"Қайратты" екі матчта қатарынан жеңген түркістандық клуб Д тобында 6 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Кирилл Кекер шәкірттері 3 ұпаймен ең соңғы орында тұр.

Сонымен қатар бүгін Қазақстан Кубогінің ойындар кестесінде өзгерістер орын алды. "Шахтер" футбол клубының УЕФА Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне қатысуына және аталмыш клубтың турнирдегі қарымта ойынын 2021 жылдың 10-тамызында Нұр-Сұлтан қаласында өткізілуіне байланысты Қазақстан Кубогінің екі кездесуін басқа күндерге ауысты. 5-турдың "Шахтер" - "Ордабасы" арасында өтуі тиіс кездесу 8-тамыздан 14-тамызға, сондай-ақ  6-турдағы "Қызыл-Жар" - "Шахтер" арасында 15-тамызға жоспарланған матч 17-тамызға ауыстырылды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу