Тұрғындар өміріне қауіп төнсе, алдын ала хабарлаймыз – Серік Шәпкенов

587

Су тасқынынан тұрғындар өміріне қауіп төнер болса, алдын ала хабарланады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тұрғындар өміріне қауіп төнсе, алдын ала хабарлаймыз – Серік Шәпкенов Фото: Атырау облысының жедел штабы

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлім етті.

Облыс әкімінің айтуынша, 1994 жылғы су тасқынынан кейінгі 30 жылда өзендердегі су азайып, түп тереңдету жұмыстары ұзақ уақыт бойы жүргізілмеген.

"Бөгеттер нығайтылмаған, жағалаудың кейбір тұсында мүлдем алынып тасталған. Судан қорғау аймағынан ауыл шаруашылығының қажеттілігі үшін жер телімдері берілген. Өзен арналары тазартылмады. Бұл жұмыстардың барлығын өңірге тасқын су келгенге дейін атқаруымыз керек еді", – деді Серік Шәпкенов.

Оның пікірінше, табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялаудың бірнеше мақсаты бар.

Біріншіден, су тасқынына тиімді дайындықты ұйымдастыру.

Екіншіден, техникалар мен жабдықтар тарту, үшіншіден ғылыми зерттеулер жүргізу, өңірдегі өзен жағалауларын нығайту мақсатында жарияланған.

"Егер су тасқынынан облыс тұрғындарының өміріне нақты қауіп төнер болса, біз бұл туралы алдын ала хабарлаймыз", – деп атап өтті Серік Шәпкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу