Түрік компаниясы елімізде фармзауыт құрылысына 40 млрд теңге инвестиция құяды

157

Құрылыс жұмыстары биыл басталады. 

Түрік компаниясы елімізде фармзауыт құрылысына 40 млрд теңге инвестиция құяды Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстанда жаңа фармацевтикалық өндіріс құруды көздейтін Nobel компаниясымен ірі инвестициялық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз тұрақты динамиканы көріп отырмыз: фармацевтика секторы 10%-ға өсуді, ал инвестиция көлемі 2 есе өсуді көрсетеді. Бұл жергілікті өндірісті дамыту жөніндегі жүйелі мемлекеттік саясаттың нәтижесі",  – деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова құжатқа қол қою барысында.

Келісімнің негізгі параметрлері: инвестициялардың жалпы көлемі – 40 млрд теңге, келісімнің шеңберінде әлеуметтік маңызы бар 17 препарат және дәрілік заттардың 40 атауы көзделген, жаңа өндірістің құрылысы 2026 жылы басталады. Сонымен қатар өндіріс GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.

"Біздің міндетіміз – елді сапалы және қолжетімді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан өңірлік фармацевтикалық хабқа айналатын жағдайлар жасау. Бұл үшін барлық қажетті заңнамалық жағдайлар жасалған", – деп атап өтті министр.

Жобаны іске асыру елдің дәрілік қауіпсіздігін күшейтеді, экспорттық әлеуетін кеңейтеді және Қазақстанның өңірдегі фармацевтикалық өндіріс орталығы ретіндегі ұстанымын нығайта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу