Түріктің қайта жанданған оппозициясы маңызды жергілікті сайлауда Ердоғанды жеңді

972

Билікке бәсекелес партия Ыстанбұл мен Анкарда ғана емес, бүкіл елде басымдық байқатқан. 

Түріктің қайта жанданған оппозициясы маңызды жергілікті сайлауда Ердоғанды жеңді Фото: reuters

Түріктер Президент Реджеп Тайып Ердоған мен оның партиясына жексенбідеөткен жалпыұлттық жергілікті сайлауда ең үлкен соққы берді. Және де олароппозицияның саяси күш екенін растап,  Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоғлының президенттің басты қарсыласы ретіндегі позициясын күшейте түсті. 

Көпшілік дауыспен Имамоғлы Түркияның ең ірі мегаполисі Ыстанбұл әкімшілігі үшін бәсекеде 10 пайыздық ұпаймен көш бастады. Ал оның Халықтық-республикалық партиясы (ХРП) Анкараны сақтап қалды және бүкіл ел бойынша тағы 15 мэрлік орынға ие болды.

Бұл - Ердоған мен оның әділет және даму партиясы (ӘДП) үшін жиырма жылдан астам биліктегі ең ауыр жеңіліс және де ол Түркияның саяси ландшафтының өзгергенін білдіруі мүмкін. Ал Ердоған осынау ұтылысты түн ортасындағы үндеуінде "бетбұрыс" деп атады.

Сарапшылардың пікірінше, инфляцияның күрт өсуіне, исламшыл сайлаушылардың риза еместігіне және Ыстанбұлда Имамоғлының ХРП-ныңтартымдылығына байланысты Ердоған мен ӘДП-нің жағдайы қоғамдық сауалнамалар болжағаннан да нашар болып шықты.

53 жастағы Имамоғлы жексенбі күні кешке мыңдаған қуанышты жақтасының алдында сөз сөйлеп,"ұлттың үндеуін түсінбейтіндер ақыры жеңіліп тынатынын" ескертті. Ал оның кейбір жақтастары Ердоғанды отставкаға кетуге шақырды.

"Бүгін кешке Ыстанбұлдың 16 миллион азаматы қарсыластарымызға да, президентке де ескерту жасады", — дейді саясатқа 2008 жылы келген және қазір президенттікке үміткер ретінде кеңінен насихатталып жүрген бұрынғы кәсіпкер.

1990 жылдары өзінің туған қаласы Ыстанбұлдың мэрі болған Ердоған муниципалдық сайлау қарсаңында белсенді науқан жүргізді.

Анкарадағы ӘДП-нің штаб-пәтерінде жиналған көпшілікке алдында Ердоған мәлімдеме жасап, өз альянсының бүкіл ел бойынша "биіктігін жоғалтқанын" және сайлаушылардың мұң-мұқтажына жауап беру үшін шаралар қабылдайтынын айтып өтті. 

"Егер біз қателік жасасақ, оны түзетеміз. Егер бізге бірдеңе жетіспесе, оны толықтырамыз", - дейді Түркия президенті. 

Анкараның өзге бір жерінде мыңдаған қолдаушысымен кездескен және ел астанасының мэрі қызметіне оппозциялық ХРП-дан қайта сайланған Мансұр Явас та сөз сөйлеп, жеңісті мерекеледі. Оның басым түсуі де Ердоған үшінүлкен кемшілік. 

Еуропаның ең ірі қаласында және елдің экономикалық локомотиві Ыстанбұлдағы дауыс беру жәшіктерінің 92 пайызынан жиналған мәліметтерге сәйкес, Имамоғлы 52,9 пайыз дауыс алса, Ердоған үкіметініңбұрынғы министрі және ӘДП үміткері Мұрат Курумды қолдағандар 40 пайыздан әрең асқан. 

"Анадолы" мемлекеттік агенттігі жариялаған өзге ресми нәтижелерге жүгінсек, ӘДП мен оның негізгі одақтасы 19 негізгі муниципалитетте, соның ішінде индустриалдық солтүстік-батыстағы Бурса мен Баликесир қалаларында да мэр лауазымдарынан айрылыпты.

Бұл нәтижелер ХРП-ның соңғы 35 жылда алғаш рет 1% дерлік дауыспен бүкіл ел бойынша алға шыққанын көрсетіп отыр. 

Ыстанбұлдың Боғазичи университетінің саясаттану кафедрасының ассистенті Мерт Арсланалп бұның бәрін Ердоғанның 2002 жылы билікке келгеннен бергі "сайлаудағы ең ауыр жеңілісі" деп атады. 

"Имамоғлы терең әлеуметтік-саяси алауыздық кезінде де жеңе алатынынкөрсетті. Бұл оны Ердоған режиміне қарсы бәсекеге ең қабілетті саяси қарсылас етеді", - дейді Арсланалп.

2019 жылы Имамоғлы Ыстанбұлда жеңіске жеткенде, Ердоғанға алғаш рет қатты соққы берілді. Бұл - ӘДП мен оның бұрынғы исламшыл жетекшілерінің 25-жылдық билігін, соның ішінде Ердоғанның 1990 жылдары мэр болған дәуірін аяқтады. Айта кетсек, төрт жыл бұрын ХРП Анкараны да жеңіп алды.

Бірқатар сарапшылардың айтуынша, экономикалық шиеленістер, соның ішінде 70 пайызға жуық инфляция мен агрессивті ақша-несие саясатының күшеюінен өндірістік өсімнің баяулауы сайлаушыларды бұл жолы ӘДП-ныжазалауға итермелеген.

"Экономика шешуші фактор болды. Түрік халқы өзгерісті талап етті, ал Имамоғлы қазір президент Ердоғанның жауына айналды", - дейді Вашингтондағы Albright Stonebridge Group-тың аға кеңесшісі Хакан АқбасReuters агенттігіне берген сұқбатында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу