Туризм саласындағы оқиғалар

Алина Альбекова Алина Альбекова
10087

 2016 жыл туризм саласы жаңалыққа, сонымен бірге қиындыққа толы жыл болды.

Туризм саласындағы оқиғалар

Елдегі туристік бизнес жыл бойы жақсы жұмыс істегенімен, әлемде болып жатқан лаңкестік оқиғалар көшпелі туризмге өз зиянын тигізді. Теңгенің былтырғы құнсыздануы турлардың сатылуына кедергі болса, ал туризм заңының өзгеруі туроператорларға көмектесудің орнына қосымша проблема туындатты. Алайда бизнес сонда да дамып, керісінше табыстың жаңа көзін тапты.

Еліміздің турисін шетелге жіберетін көптеген турфирма ішкі және көшпелі туризмге баса көңіл бөліп, ел азаматтарына елдің көрікті жерлерін аралауды ұсынды. Сондай-ақ елге шетелдік саяхат жасаушыларды белсенді тарта бастады.

Статистикаға сүйенер болсақ, 2016 жылдың I жартыжылдығында елімізден шетелге небәрі 4,5 млн турист барған, ал былтыр осындай уақытта 5,5 млн турист барған екен, шетелде демалу күрт төмендеп 18%-ды құрап отыр.

Ішкі туризмнің, керісінше, өскенін байқауға болады. 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында елге келген туристердің саны 2,1 млн адамды құрап, 2015 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткішке қарағанда 5,8%-ға артыпты. Ал көшпелі туризм 4%-ға артып, 323 адамды құраған.

Шетелде демалу біздің азамат үшін қымбатқа түсіп жатса, шетелдік демалушылар үшін біздің елде демалу экономикалық жағынан тиімді болды. Осы жылдың маусым айында Numbeo тәуелсіз порталы өмір сүру мен саяхаттау үшін ең арзан және ең қымбат елдердің рейтингісін жариялады. Осы тізімге кірген 122 мемлекеттің ішінде Қазақстан ең арзан елдер тізімінің алғашқы бестігіне кірді.

Біздің елге саяхаттаушылардың басым көпшілігі ресейліктер болды. Олар ТМД елдері бойынша туристік бағыттар арасынан Алматы мен Астананы таңдаған. RoomGuru.ru қонақүй іздеу сервисі рейтингісі бойынша, 2016 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсанына дейінгі арада өздігінен саяхаттаушы ресейлік туристерге қонақүйді брондау бойынша жасалған мәлімет бұл қалалардың Минск, Тбилиси, Баку сияқты ТМД елдерінің астаналарымен қатар тұрғанын айғақтайды.

Көптеген кездесу, қол қойылған меморандум және форум – Ресеймен екі арадағы туризм саласындағы ынтымақтастықтың дамуының дәлелі.

2015 жылдың қазан айында қолқойылған ADS – келісімнің арқасында биыл Қытайдан еліміздің көрікті жерлерін көруге 300-ден астам адам келіпті. Туристердің алғашқы тобы Астана, Алматы, Өскеменде болып үлгеріпті. 100 адамнан тұратын бір топ кәдесый алуға тек бір Шығыс Қазақстан облысының өзінде 2,5 млн теңге ақша жұмсапты. Туристік нарық сарапшыларының пікірінше, Қытай туристері қазақ экономикасын мүлдем жаңа деңгейге көтеретін көрінеді.

Сонымен бірге биыл елдегі туристік нарық алғаш рет қытайлықтардың қалауын танып білуге мүмкіндік алды. Оған қыркүйек айында Астанада өткен қазақ-қытай форумы себеп болды. Бұл форумға қазақ және қытай туристік өнеркәсібінің 200-ден астам өкілі қатысты. Ал 1000-нан астам адам алғашқы бизнес арна Atameken Business-дың сайтынан онлайн тәртіпте тікелей трансляцияны тамашалай алды.

Форумды ұйымдастырушы кәсіпкерлердің "Атамекен" ұлттық палатасы мен Астаналық Туристік қауымдастық бұл форумды жыл сайын өткізуге уәде берді. Алайда отандық туристік өнеркәсіп ойыншылары үшін биыл болған ең заманауи оқиға – "Қамқор-Туристік" көшпелі туризм саласындағы азаматтар құқын кепілдендіру қорын құру және жүйені енгізу болды. Бұл 2016 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген "Туристік қызмет туралы" заңның қосымша 4-1 тармағы негізінде жасалды.

Жыл тағы да бір туристік оқиғамен аяқталды. Қазақ туристері Шарджа (БАӘ) әуежайында тұрып қалды. ҚР ИДМ-ның туризм өнеркәсібі департаментінің директоры Марат Игалиев Астана мен Алматы әуежайында 29 желтоқсан күні Air Arabia әуе компаниясы ұшағымен Шарджаға ұшпақ болған 215 жолаушының болғанын айтты. Инвестиция және даму министрлігінің шұғыл штабы туроператорлармен және әуе компаниялармен бірге 30 желтоқсан күні түс ауа БАӘ бағыты бойынша ұшатын, сондай-ақ Шарджа әуежайынан Қазақстанға келетіндерді де отырғызған. Осыған байланысты ұлттық Air Astana ұлттық әуе тасымалдаушысы әуе кемесін де әлдеқайда көп жолаушы ұшатын кемеге ауыстырыпты.

Алина Әлбекова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу