Түркі елдері Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетпек

3459

Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы ТҮРКСОЙ еліміздің бірқатар өңірінде қатты су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан азаматтарына қолдау көрсетуге ниетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркі елдері Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетпек Фото: aqorda.kz

ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевтың айтуынша, Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді.

Оның айтуынша, 2023 жылы ақпанда Түркияда болған жер сілкінісінен кейін ТҮРКСОЙ ұйымының "Біз біргеміз" ("Biz Birgemiz") бастамасы бүкіл түркі әлемінде сәтті іске қосылды.

Бұл түркі халықтарының бірлігі мен ынтымағын айғақтайды.

"Түркі әлемінің қиын-қыстау күндерде бірлігі одан әрі артып, бауырлас елдердің қайғы-қасіретін жеңілдету үшін барлық жағынан көмектесуге дайын. Осы қиын кезеңде біз де Қазақстанға, ел халқына көмектескіміз келеді. Біз Қазақстанмен біргеміз! Бүгінде Қазақстан қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатыр. Солтүстік Қазақстанның кейбір аудандарын қатты су басты. Бұл апаттан ел экономикасы зардап шекті. Сіздің қасіретіңіз – біздің қасіретіміз. Барша түркі әлемінің атынан Сіздерге күш-қуат тілейміз", – деді ТҮРКСОЙ Бас хатшысы.

Ұйым атап өткендей, Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсету бастамасы өте маңызды.

Ол бауырлас халықтар арасындағы ынтымақ рухын көрсетеді. Түркі халқы қиын-қыстау кезеңде бір-біріне қолдау көрсету үшін бірігуге дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу