Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті Мажарстанда өтеді

304

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми саммиті биыл 20-21 мамырда Мажарстан астанасы Будапештте өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті Мажарстанда өтеді Фото: aqorda.kz

Саммит Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанның шақыруымен өткелі жатыр.

Жиынға ТМҰ-ға мүше Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мен Өзбекстан сияқты мемлекеттердің президенттері қатысады.

Сонымен қатар, саммитке ТМҰ жанындағы бақылаушы елдердің өкілдері мен ұйымның Бас хатшысы келеді.

ТМҰ бейресми саммиті тарихта алғаш рет бақылаушы мемлекет аумағында болғалы отыр.

"Шығыс, батыс пен түйісу нүктесі" тақырыбында өтетін іс-шара мемлекет басшыларына басым бағыттар бойынша ықпалдасу және дамыту мәселелерін талқылап, өңірлік және жаһандық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік береді.

Саммит қорытындысы бойынша, ТМҰ-ның ортақ болашағы мен стратегиялық бағытын растайтын Будапешт декларациясын қабылдап, өзге де бірқатар маңызды шешімдер мен бастамаларды мақұлдау көзделіп отыр.

Будапеште өтетін бейресми саммиттің алдында самиттің күн тәртібі мен мемлекет басшыларына қол қоюға ұсынылатын құжаттарды пысықтау үшін ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу