Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жанар-жағармай бекеттеріндегі бензин қайда кетті?

4472

Кейінгі күндері Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жанар-жағармай бекеттерінде бензиннің жоқтығы туралы ақпарат тарады. 

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жанар-жағармай бекеттеріндегі бензин қайда кетті?

Бұған не себеп? Талқылап көрейік.

Елде отынға сұраныс артатын маусым аяқталды. Қысқы кезеңде сұраныс жазға қарағанда 5% төмен болады. Мұнай өңдеу зауыттары мұнай өнімдерінің барлық сортын өндіріп жатыр. Шындығында бензин жеткілікті болуы керек. Желтоқсанның алғашқы тоғыз күнінде мұнай өңдеу зауыттарында 141,8 мың тонна бензин (Аи-92 және Аи – 95) өндірілді. Оның ішінде ШНОС – 54,8 мың тонна. Ал бензин тиеу көлемі – 129,9 мың тонна, оның ішінде ШНОС – 43,3 мың тонна.

Бензин өндіру мен оны жөнелту көлемінде теңгерімсіздік пайда болды (бірі 54,8 мың тонна, екіншісі 43,3 мың тонна). Тиеп-жөнелту көлемі өндірістен 11,5 мың тонна қалып қойды. Өйткені тасымалдаушы бензин құйылған вагонцистерналарды беруді уақытылы қамтамасыз ете алмады.

Бұл проблема қарашаның соңғы күндерінде пайда болды. Алайда 5 желтоқсанға қарай мәселе шешіліп, ШНОС қажетті динамикаға көшті. Бүгінде бензинді жөнелтудің қазіргі көлемі оны өндіру көлемінен асып түседі деп айтуға болады.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы жанар-жағармай бекеттерінде қалыптасқан жағдай жақын күндері шешіледі деп айта аламыз.

Жалпы бензин нарығында дүрбелең мен хаос тудыруға ешқандай себеп жоқ. Жасанды тапшылық тудырудың да керегі жоқ.

Ерлан Жаукин

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу