Түркістан облысында алғаш рет Шахмат үйі ашылады

602

Қала әкімі жаңа спорт нысанының дайындығын және Хантағы ауылындағы учаскелік полиция пунктінің құрылысын тексерді.  

Түркістан облысында алғаш рет Шахмат үйі ашылады Фото: gov.kz

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалада жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысанды аралап, олардың орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдымен шаһарда алғаш рет ашылатын Шахмат үйінің дайындық жұмыстарын тексерді. Жаңа нысан қалалық спорт клубының қарамағында жұмыс істейді. Қалалық спорт клубының директоры Бақдаулет Совет алдағы жұмыс жоспары мен үйірмелердің ұйымдастырылуы туралы баяндады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, соңғы жылдары жастар арасында шахматқа қызығушылық айтарлықтай артқан. Осыған байланысты жас шахматшыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы Шахмат үйі ашылмақ. Мұнда балалар мен жасөспірімдер тұрақты түрде үйірмелерге қатысып, зияткерлік спорт түрімен кәсіби деңгейде айналыса алады.

Сондай-ақ Жандос Тасов Хантағы ауылында салынып жатқан учаскелік полиция пунктінің құрылысын да тексерді. Қала әкімі мердігер ұйым өкілдеріне нысанды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды, сондай-ақ құрылыс талаптарының толық сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу