Түркістан облысында Президент кортежі жүретін жолдың бойынан қару-жарақ табылды

1638

Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Түркістан облысында жүр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысында Президент кортежі жүретін жолдың бойынан қару-жарақ табылды Фото: aqorda.kz

Ішкі істер министрлігі қызметкерлері ҰҚК және Мемлекеттік күзет қызметі мамандарымен бірге Президент кортежінің Түркістан облысында жүретін маршрутының бойын тексеріп, жасырылған атыс қаруын тапқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта бүкіл мән-жайды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – дейді Ішкі істер министрлігінен.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу