Түркістан төрінде көкпардан әлем чемпионаты басталды

607

Жарыстың жүлде қоры 30 миллион теңгені құрайды.

Түркістан төрінде көкпардан әлем чемпионаты басталды Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 17 наурызда, Түркістан қаласындағы заманауи атшабарда көкпардан әлем чемпионаты басталды. Бұл жарысқа әлемнің 9 елінен келген командалар қатысуда: Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан.

Жарыстың топтық кезең ойындары 17-19 наурыз аралығында өтеді, ал үздік командалар жартылай финалға жолдама алады. Жартылай финалдық кездесулер 20 наурызда өтсе, 21 наурыз күні чемпион мен жүлдегерлер анықталады.

Айта кетейік, көкпардан әлем чемпионаты соңғы рет 2017 жылы ұйымдастырылған болатын. Енді 9 жылдан кейін тарихи дода Түркістан төрінде қайта өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу