Түркістанда банан пісіп жатыр

Жергілікті кәсіпкерлер алдағы уақытта авакадо, манго, ананас секілді экзотикалық жемістерді де жерсіндірмек. 

Түркістанда банан пісіп жатыр Фото: Pixabay.com

Жалпы, Қазақстан нарығына бананның басым бөлігі Эквадордан келетіні белгілі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысы, Сайрам ауданының кәсіпкері Ислам Алиев жылыжай арқылы биылдыққа экзотикалық жемістерден екінші өнім жинап алып отыр. 

Кәсіпкер жергілікті өнімдер Алматының сауда орталықтарында сатылып жатқанын айтады. 

– Қазақстанның өзіне 100 мың тонна банан Эквадордан келеді. Біз 20-30 пайыз нарықты жабу үшін тағы да 20-35 гектарлық жылыжай салайын деп жатырмыз. Бұдан бөлек, тағы да 90 гектарымыз бар. Авакадо, манго, ананас егеміз, – дейді ол. 

Жалпы, оңтүстік бағбандарының экзотикалық жидектерді жерсіндіргендеріне бірақ уақыт болды. Олар банан, лимон, құрма секілді жеміс-жидектер елдің оңтүстігінде жақсы өсетінін алға тартады. 

Осылайша, Сайрамның банандары бүгінде 500-600 теңге көлемінде сатылуда. Жергілікті кәсіпкерлер "алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, ел нарығын қамтуға болады" деп бекініп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу