Түркістандық әкімнің алдында өзін-өзі өртемек болды (Видео)

3716

Заңгер, әлеуметтік желі белсендісі Айгүл Орынбек "инстаграмдағы" парақшасында есігінің алдындағы сарайдың үстіне шығып өзін-өзі өртемек болған Түркістан қаласы тұрғынының видеосын жариялады.

Түркістандық әкімнің алдында өзін-өзі өртемек болды (Видео)

Оқиға орнына полицейлер мен Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов келген. Видеода үй иесі шаһар басшысына баспанасын сүру үшін мемлекет ұсынған бағамен келіспейтін баяндайды. Сол себепті үйін қайта бағалауды талап етеді. Алайда әкім қайта бағалау жұмыстары жүргізілмейтінін жеткізді. Өзін өртемекке ұмтылған түркістандық қайта бағалау жұмыстары жүргізілмей, сарай үстінен түспейтінін айтқан.

Ал, әлеуметтік желі белсендісі Айгүл Орынбек өзінің постында бұл мәселені ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың назарына ұсыныпты.

"Құрметті Президент Қ. Тоқаев! Түркістан қаласының тұрғыны өзін-өзі өртемекші, себебі үйлерін сүруге жіберген. Ал үйінің ақшасын бермеген. Бұл Түркістан қаласында болып жатыр. Ал енді Арыс қаласына тоқталайын, шағым жазып, көмек сұраушы халық көп. Себебі ол жақтада құрылыс жұмысы дұрыс жүріп жатқан жоқ.

Облыс әкімі Шөкеев ұйымдастырушылық жағынан облысты басқара алмай отыр десем де болады. Маған келіп түсіп жатқан шағымдардың барлығымен осында бөлісуге тура келеді. Себебі Арыс қаласы өзімнің шыққан жерім. Жерлестерімнің алдында жерге қарағым келмейді. Олар дәл қәзір маған үміт артып отыр. "Облысы әкімі Шөкеев уәдесінде тұрған жоқ", – деп жылап отыр.

Құрметті Президент! Әкім, осы жердегі сіздің өкіліңіз, өз жұмысын игере алмай отыр. Дәл қәзір аудан-аудандардан түсіп шатқан шағымдар өте көп. Сол шағымдарды интернет желісі арқылы шығарғым келеді. Бір емес бірнеше рет әкімнің қызметкерлеріне де ескерттім, алайда жүріп жатқан жұмыс көрмедім. Халық қайтадан өзіме шығуда", – деп жазады ол.

 

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу